Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт 6 қабаттағы нөмірлердің бірінен шыққан.
Бұл туралы хабарлама 8:03-те түскен. Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, теледидар мен оның астындағы үстел өртенген.
Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Жалын 8:24-те ауыздықталып, өшірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.