Ерекше саңырауқұлақ қозықұйрық теруге шыққандарды таңқалдырған. Оны тауып алған Жамбыл облысынан сайланған экс-сенатор Александа Савченко саңырауқұлақтың салмағы 17 келіге жуық екенін айтты.
Әдетте, ірі саңырауқұлақты Жамбыл облысының Мойынқұм шөлінен кездестіруге болатын. Мамандар бұл қозықұйрықты тұтынбастан бұрын СЭС зертханасында радиация мен токсиндерден тексеріп алуды ұсынды. «Ұлттық сараптау орталығының» меңгерушісі Виолетта Касапаклис оны тексеріп, тұтынуға жарамдылығын жеткізді.