Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.Тек Республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі. Атырау, Қостанай, Қарағанды, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.