Qatar Airways Қазақстанға әуе қатынасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qatar Airways Қазақстанға әуе қатынасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр

24.05.2016
Qatar Airways Қазақстанға әуе қатынасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр

«Бастапқыда әуе компаниясы еліміз үшін қызықты емес шарттарды ұсынды, оның ішінде Дохадан Астана мен Алматыға аптасына 21 рейс жасауды алға тартқан еді. Кейін олар 14 рейс, содан соң 7 рейсті ұсынды. Біздің нарық пен халықтың санын ескере отырып, аталған ұсыныстарды біздің авиациялық биліктің қисынсыз деп қабылдауы толықтай объективті. Алайда, қазіргі кезде айтарлықтай қызықты ұсыныс болды, яғни Доха-Астана-Алматы-Доха бағдары бойынша аптасына екі рейс, сондай-ақ Доха-Алматы-Астана-Доха бағдарында екі рейс ескеріліп отыр. Сонымен қатар Алматы мен Астана арасындағы ішкі жолаушыларды алмайды»,-деді Елші.

Айта кетейік, «Qatar Airways» әлемде ең алдыңғы қатарлы әуе компанияларының бірі болып саналады. Оның еншісінде қазіргі заманғы 170 әуе кемесі бар және компания 150-ден астам бағдарда рейстерді орындап жүр. 

Хабарламаларға жазылу