Қазақстанда 2015 жылы 397 мыңнан астам нәресте дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2015 жылы 397 мыңнан астам нәресте дүниеге келді

24.05.2016
Қазақстанда 2015 жылы 397 мыңнан астам нәресте дүниеге келді

2015 жылы Қазақстан Республикасында 397 634 дүниеге келген сәби АХАТ органдарымен тіркелді, соның ішінде қалалық мекендерде - 225 383 адам, ауылдық елді мекенде - 172 251 адам. Туғандардың 51,5%(204 868) ер балаларды және 48,5%(192 766) қыз балаларды құрады.

ҚР ҰЭМ Статистика  комитетінің деректеріне қарағанда,  100 қыз балаға шаққанда 106,3 ер баладан келіп отыр.

2005 жылмен салыстырғанда туғандар саны 42,5 пайыз (ер балалар - 42,7%, қыз балалар - 42,3%), қалалық мекендерде - 37,5%, ауылдық  мекендерде - 49,7% артты.

Туудың жалпы коэффициенті (1 000 тұрғынға шаққандағы туғандар саны) 2015 жылы 22,66 промиллені  құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 4,24 промиллеге (2005ж. - 18,42) артты. Қалалық мекендерде осы көрсеткіш 22,61 промиллені (2005ж. - 18,94), ауылдық мекендерде - 22,73 промиллені (2005ж. - 17,72) құрады.

Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау  (1 000 тұрғынға шаққанда 31,25 туғандар), Оңтүстік Қазақстан (29,00) облыстарында және Астана қаласында (30,23) байқалды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (14,23), Қостанай (14,44)  және Шығыс Қазақстан (16,37)  облыстарында көрініс тапты.

Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2015 жылы 2,73 құрады және 10 жыл ішінде 23,0 пайызға өсті (2005ж. - 2,22). Қалалық мекендерде ТЖК 16,7 пайыз, (2015ж. - 2,52; 2005ж. - 2,16), ауылдық мекендерде 31,8 пайыз өсті (2015ж. - 3,07; 2005ж. - 2,33).

Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК Маңғыстау (3,75), Оңтүстік Қазақстан (3,68) облыстарында, ал төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,74) мен Қостанай (1,78)  облысында байқалды.

2015 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,2 жасты құрады және 10 жылда 0,5 жасқа (2005ж. - 27,7 жас) ұлғайды, ал қалалық мекендерде - 0,9 жасқа, ауылдық мекендерде 0,1 жасқа ұлғайды.

Қазақстанның бірнеше өңірінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Мысалы, осы көрсеткіш Алматы қаласында 30 жасты, Астана қаласында 28,9 жасты құрады.

Хабарламаларға жазылу