Чехияда қылмыстық жауапкершілік жасын 13 жасқа дейін төмендетуге ұсыныс жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда қылмыстық жауапкершілік жасын 13 жасқа дейін төмендетуге ұсыныс жасалды

24.05.2016
Чехияда қылмыстық жауапкершілік жасын 13 жасқа дейін төмендетуге ұсыныс жасалды

Биліктегі Чехия социал-демократиялық партиясының депутаты Ероным Тейц аса ауыр қылмыстар (адам өлтіру мен теракт) үшін қылмыстық жауапкершілік жасын 13 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.

Чехия Республикасындағы бүгінгі заңға сәйкес, 15 жасқа толмағандар жасаған қылмысы үшін жауап бермейді.

Бұл ұсынысты 200 депутаттың 40-қа жуығы қолдаған. Заң жобасының авторлары оны талқылау кезінде жақтастарды жинауды көздеп отыр, деп жазады ТАСС. 

 

Хабарламаларға жазылу