Ерекше есімдер. Қарағандыда Шоколад, Семейде Жаңалық есімді бойжеткен бар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше есімдер. Қарағандыда Шоколад, Семейде Жаңалық есімді бойжеткен бар (ВИДЕО)

24.05.2016
Ерекше есімдер. Қарағандыда Шоколад, Семейде Жаңалық есімді бойжеткен бар (ВИДЕО)

Балаға есім беріп, ат қоюда ата-ана асқан жауапкершілік танытуы тиіс. Себебі, есімнің бала өміріндегі алар орны ерекше. «Таңшолпан» көрермендерді еліміздің әр түкпіріндегі ерекше есім иеленген жандармен таныстырады.

20 жастағы қарағандылық Шоколад Жағыпарова: «Атам шоколад сияқты «тәтті», ерке, нәзік болып өссін деген ниетпен осылай қойған екен. Қазіргі кезде жеке куәлігімді жаңартып жатырмын», дейді.

Елімізде бұдан өзге де ерекше есім иеленген жандар емес. Мысалы, Өскеменде аты Ертең Жаңа жыл деген адам тұрады. Әзірге ол іссапармен шетелде жүр.

Ал, Семей қаласында Жаңалық есімді бойжеткен бар. «Үш ұлдан кейін араға 7 жыл салып менің өмірге келуім әжем үшін үлкен жаңалық болған. Сол себепті мені Жаңалық деп атаған екен», дейді семейлік тұрғын.

Ал, Аққалдан, Алғашбай есімдерінің сыры неде? «Таңшолпаннан» біліңіз. 

Хабарламаларға жазылу