Сирияда бірнеше дүркін жарылыс болып, 120-дан астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда бірнеше дүркін жарылыс болып, 120-дан астам адам қаза тапты

23.05.2016
Сирияда бірнеше дүркін жарылыс болып, 120-дан астам адам қаза тапты

Сириялық Джабла және Тартус қалаларындағы Ресейдің әскери базалары маңындағы жарылыстар салдарынан көз жұмғандардың саны 120-дан асты.  Бұл туралы базасы Лондонда орналасқан адам құқықтарын бақылау бойынша сириялық орталық хабарлады.  

Бұған дейін жергілікті БАҚ хабарлағандай, екі қалада жарылыстар салдарынан 78 адам қаза тапқан делінген.  

Сириялық мемлекеттік телеарналардың ақпаратынша Джебледе таңертең автовокзалда үш жарылыс болды. Кейін жанкешті жергілікті госпитальге кірер жерде өз-өзін жарды.  

Сондай-ақ, Тартус қаласындағы автовокзалда миналанған автомобиль жарылды.  Екі жанкешті  вокзал ішіне кіріп, жарылғыш затын іске қосты. 

Хабарламаларға жазылу