ҚР Энергетика министрлігі ағымдағы жылғы мұнай өңдеу жоспарымен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Энергетика министрлігі ағымдағы жылғы мұнай өңдеу жоспарымен бөлісті

15.06.2016
ҚР Энергетика министрлігі ағымдағы жылғы мұнай өңдеу жоспарымен бөлісті

ҚР Энергетика министрлігі 2016 жылы мұнай өңдеу көлемін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.

«Біз шамамен 14,9 млн. тонна мұнайды қайта өңдедік. Өткен жылы бірнеше факторларға орай қайта өңдеу төмендетілген еді. Бірінші кезекте ол Ресейде рубльдің құнсыздануына балйанысты орын алды және көптеген ресейлік мұнай өнім өнімдері біздің нарыққа енді. Сондықтан біз қайта өңдеу көлемін төмендеттік. Сонымен қатар осы жылы үш зауытта шамамен 14 млн. тонна мұнай өңдеу жоспарлануда», - деді ол.

Оның айтуынша, еліміздегі мұнай өнімдері нарығындағы ахуал тұрақты.

«Біз теңгерімге сәйкес Ресейден 1,2-1,3 млн. тонна бензин импорттаймыз. Дизель отынын жылына 400-500 тонна аламыз, негізінен қыстық дизель отыны. Қазіргі қайта өңделетін көлем ішкі нарық қажеттілігін жабуға жеткілікті десек те болады», -  деді Ә.Мағауов.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы Қазақстан 2,76 млн. тонна бензин өндіруді жоспарлауда. «Басқа мұнай өнімдері бойынша ұқсас динамика байқалады. Біз мазут өндірудің жалпы көлемі төмендеп отырғанын байқаудамыз және ол 1,5 млн. тоннаға дейін құлдырайды. Бұл біздің зауыттардың жаңғыртылып жатқандығына байланысты», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу