Қазақстандық Назым Қызайбай Астанадағы бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін бірінші қазақстандық әлем чемпионы Польша өкілі Анджелика Грондсканы жеңді. Жекпе-жек 3:0 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, Астанада 19 мамырда әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты басталды. Әлем чемпионатын тікелей эфирде KazSport телеарнасы көрсетуде