Жер сату ол бір ғана әкімнің, не бір ғана адамның қолында болмауы керек - Б. Сағынтаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сату ол бір ғана әкімнің, не бір ғана адамның қолында болмауы керек - Б. Сағынтаев

21.05.2016
Жер сату ол бір ғана әкімнің, не бір ғана адамның қолында болмауы керек - Б. Сағынтаев

Жер сату ол бір ғана әкімнің, не бір адамның қолында болмауы керек. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өтіп жатқан Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев осындай пікір білдірді.

«Бүгінгі отырыста негізгі айтылған мәселе  жер сатылмасын деген ұсыныс. Екіншіден, сатылса қалай сатылады деген ұсыныс айтылды. Осы төңіректе ой-пікірлер айтылды. Мұның бәрі бір жүйеге келтіріледі. Сосын ол ұсыныстардың барлығы бүгін құрылған жұмыс  топтарында жүйелі түрде талқыланады », - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, комиссия төрағасы жер сатылған жағдайда оның сатылу үдерісі егжей-тегжейлі талқылануы керектігін баса айтты. «Жерді кім сатады? Ол қандай жерді сатады? Қанша көлемде сатылады? Осының бәрін мұқият талқылауға тиіспіз. Жалғыз бір әкімнің қолына осының бәрін берсек, халықты ол да толғандырады. Оны қоғаммен келісу керек», - деді Б. Сағынтаев.  

Хабарламаларға жазылу