Жер комиссиясының келесі отырысында шетелдікке жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады - Бақытжан Сағынтаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер комиссиясының келесі отырысында шетелдікке жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады - Бақытжан Сағынтаев

21.05.2016
Жер комиссиясының келесі отырысында шетелдікке жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады - Бақытжан Сағынтаев

Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның келесі отырысында шетелдіктерге жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады. Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өткен Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.  

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, бүгінгі отырыста айтылған пікірлер мен ұсыныстардың барлығы сараланып, жұмыс топтарында талқыланады.

«Келесі отырыста біз жерді шетелдіктерге жалға береміз бе, бермейміз бе, соны бүгінгі отырыстағы секілді талқылайтын боламыз. Содан кейін, осы үлкен екі тақырып айтылып, талқыланып біткеннен соң, халыққа шығатын шығармыз, ол үшін де өзіміздің позициямыз, ұсынысымыз болу керек. Ондай ұсыныс болмаса, жай халыққа бару қисынсыз, олар да біздің ұсынысымызды күтіп отыр», - деді Б. Сағынтаев.

Жиынды қорытындылағанда комиссия жетекшісі ендігі отырыс келесі сенбі 28 мамырға жоспарланғанын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу