Жерді жеке меншікке берумен қатар, жалға беру институты да қалуы тиіс. Бұл туралы бүгін Жер реформасы бойынша комиссияның екінші отырысында «Қазақстан картоп өсірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайрат Бисетаев мәлім етті.
Қайрат Бисетаев бүгінде ауыл шаруашылығы инвестицияға мұқтаж екендігін баса айтты.
«Көптеген шаруаларды жердің алаяқтық нысанына айналып кетпеуі алаңдатады. Мұндайға жол бермеу үшін бізде мынадай ұсыныс бар. Жерді жеке меншікке ауыл шаруашылығы өндірісінде 5 жыл жемісті жұмыс істеген заңды және жеке тұлғалар ғана сатып ала алатын болсын», - деді ол.