Бүгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтанәлі Балғабаев 70-ке толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтанәлі Балғабаев 70-ке толды

21.05.2016
Бүгін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сұлтанәлі Балғабаев 70-ке толды

Бүгін, осыдан 70 жыл бұрын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алтын бесік» журналының бас редакторы, жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаев дүниеге келді.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), журналдарында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Он жылға жуық Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.

1978 жылы «Жалын» баспасынан оның «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестері мен әңгімелері , кейіннен «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Дала мен дария», «Қазақтың қызыл кітабы» атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары жарық көріп, «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр» атты пьесалары сахнаға қойылған.

Хабарламаларға жазылу