Үндістанда ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 50,5 градусқа жетті, бес штатта төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы елдің метеорология департаментіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, сәрсенбі Раджастхан штатының Пхалоди қаласында сынап бағанасы 50,5 градусқа жетті. Бұл Үндістандағы рекордтық көрсеткіштен 1 градусқа ғана төмен.
«1956 жылы осы штаттағы Алвар қаласында 50,6 градус ыстық тіркелді. Алайда, алдағы күндері Солтүстік, Батыс және Орталық Үндістанда температура жоғарылайды, сондықтан рекорд жаңартылуы мүмкін», - деді департамент директоры Брахма Пракаш Ядав.
Осыған байланысты Үндістанның апаттық жағдайлардың салдарын жою бойынша ұлттық басқармасы Харьяна, Раджастхан, Гуджарат, Мадхья-Прадеш штаттары мен Дели одақтық аумағында төтенше жағдай жариялады.
Нью-Делиде температура 47 градустан асты.
Жаңбырдың болмауы жағдайды ушықтырып отыр. 330 млн адам тұратын 256 округте ауызсу тапшылығынан зардап шегуде. Күрделі жағдай - оңтүстіктегі Одишье, Телангане және Андхра- Прадеше штаттарында орын алып отыр.
Өткен жылы аптап ыстық салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Апатпен күресу үшін орталық үкімет ағымдағы жылдың сәуір айынан 240 млрд рупий ($3,6 млрд) бөлді.