WSB және APB бокс турнирлеріне әйелдер қатысатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB және APB бокс турнирлеріне әйелдер қатысатын болады

19.05.2016
WSB және APB бокс турнирлеріне әйелдер қатысатын болады

Бүкіләлемдік бокс сериясына (WSB) және AIBA Pro Boxing (APB) бокс турнирлеріне әйелдер қатысатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада әйелдер боксын дамытуға қатысты өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық Әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) атқарушы директоры Карим Боузиди мәлім етті.

«AIBA комиссиясының Манчестерде өткен отырысында үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, WSB-ға келесі жылдан бастап, әйелдер де қатыстырылады. AIBA Pro Boxing-те әйелдердің қатысуына қатысты мәселені шешіп жатырмыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) Қазақстан атынан «Astana Arlans» клубы өнер көрсетуде. APB турнирінде Берік Абдрахманов пен Біржан Жақыпов Риода өтетін Олимпиадаға жолдама ұтып алды.

 

Хабарламаларға жазылу