ДЕНСАУЛЫҚ: Есте сақтау қабілетін жақсартудың ең оңай жолы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДЕНСАУЛЫҚ: Есте сақтау қабілетін жақсартудың ең оңай жолы

19.05.2016
ДЕНСАУЛЫҚ: Есте сақтау қабілетін жақсартудың ең оңай жолы

1. Күйзеліс. Қоршаған орта, у-шуы көп қала мен экология. Таза ауада көбірек жүру, тыныш әрі уақытылы ұйықтау мен бірқалыпты жұмыс кестесі есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

2.  Дұрыс тамақтанбау. Уақытылы тамақтанбау, майлы, ащы, тәтті тағамдарды көп қолдану, газды сусындарды, кофе мен шайды жиі қолдану есте сақтауды нашарлатады.

3. Салауатты өмір салтын ұстанбау. Спиртті ішімдіктер, шылым шегу, энергетикалық сусындарды тұтыну мидың жұмысына кері әсер етеді.

4. В 12 дәрумені мен фолий қышқылының жетіспеуі. В 12 дәрумені сиырдың бауырында, ет, балық өнімдерінде, жұмыртқаның сары уызында кездеседі.

Фолий қышқылы жасыл түсті көкөністерде, орамжапырақта, қарақатта, бүлдіргенде, қызылша, жасыл бұршақ, сәбіз, асқабақ, қиярда, саңырауқұлақ, банан, апельсин, қауын сияқты көкөністер мен жеміс-жидектерде өте көп.

5. Дәрі-дәрмектерді жиі қолдану. Кез келген дәрілер, әсіресе, ауыруды басатын, ұйықтататын дәрілер, антидепрессанттар есте сақтау қабілетін төмендетеді.

Аталған кеңестермен қатар, Құранды дауыстап оқу, есептер шығару, түрлі логикалық жұмбақтарды шешу де есте сақтау қабілетіңізді жақсартады, деп жазады asylsoz.kz.

 

 

Хабарламаларға жазылу