Кеш аясында «Жүз күндік жалғыздық» атты кітабінің тұсаукесері өтті.
Кітап заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың өміріне арналған. Әбіш Кекілбаев тек Қазақстанда емес, Еуропа елдерінде де танымал тұлға. Мәселен, оны Германияда бізден жақсы таниды.
Әбіш Кекілбаев – қоғамдық және саяси қызметкер, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің профессоры.
Әбіш Кекілбаев "Пьер и Жан", "Жизнь" атты Мопасанның романдарын, Шыңғыс Айтмановтың «Ерте келген тырналар», Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романдарын, Буниннің бірқатар шығармаларын аударған. Республика театрларының репертуарына Әбіш ағамыздың аудармасымен Шекспирдің "Король Лир", "Ромео и Джульетта", Гоццидің "Принцесса Турандот", М. Каримнің "В ночь лунного затмения", М.Фриштің "Дон Жуан, или Любовь к геометрии" және тағы да басқа көптеген пьессалары енгізілген.