ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Астана халықаралық әуежайының әскери секторында «KADEX-2016» халықаралық көрмесіне қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде, жақын арада көрмеде көрсетілетін әскери техниканың келуі басталады.
Халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі қорғаныс өнеркәсібі және мамандардың пікір алмасуы аясындағы соңғы жетістіктердің керемет алаңына айналды. Экспозициялардың біршама бөлігін жоғары технологиялық танкіге қарсы зымыран кешендері мен шабуылдау қару-жарақтарын көрсете отырып, Ресей Федерациясы ұсынады.
Ортақ мақсаттағы турбобұрандалы ұшақтарды шығаруда көшбасшы болып саналатын Канада елі «жоғары пилотаж» көрсетеді. Көрме шеңберінде әлемдік дәрежедегі «Viking Air Ltd» әуе ғарыштық компаниясы шығарған «Series - 400» 19 орындық әуе кемесінің көрсетілімі өтеді. Зауыт дәстүрлі әуе кемелерінің әлемдік парктеріне арналған жабдықты өндіреді.
Зымыран жүйелерінің әлемдік өндірушісі Франция да қалыс қалар емес. «MBDA» компаниясы әрбір қарулы күштерінің басқарылатын қаруының жерүсті, теңіз және әуе жүйесінің талаптарын қанағаттандыру үшін арналған өнімнің түр-түрін ұсынады.
Экспозицияның біршама бөлігін қазақстандық өндірістің өкілдері ұсынатынын айта кеткен жөн.