Ертең астанадағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионаты басталады. Бүгін Әлем біріншілігінің жеребе тарту рәсімі өтті.
Бірінші кезеңде 48 келіге дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай Польша спортшысы Анжелика Гронскаямен кездеседі.
Жайна Шекербекова (51 келі) жарысты екінші кезеңнен бастайды. Ол екінші кезеңде аргентиналық Сиара Лескурат пен Алжир өкілі Соухила Боучене кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады.
Дина Жоламан да екінші кезеңде (54 келі) Клаудия Нечита (Румыния) мен Орнелла Вагнер (Германия) кездесуінің жеңімпазымен, ал Айжан Ходжабекова (57 келі) Марина Малована (Украина) және Вивьен Ксомбор (Венгрия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
60 келідегі боксшы Римма Волосенко 1/8 финалға шығу үшін Ивон Расмуссен (Дания) және Ти Дуйен Лю (Вьетнам) жекпе-жегінің жеңімпазымен күш сынасады.
Зарина Цолоева (64 келі) жарысты бірінші кезеңнен және қазақстандық боксшылардан бірінші болып шаршы алаңға шығады. Ол алғашқы кезеңде Вьетнам өкілі Ти Лин Хамен кездеседі.
Виолетта Князева (75 келі) австралиялық Кейтлин Паркермен, Юлдуз Маматкулова (81 кг) ресейлік Любовь Пашинамен жұдырықтасады.
Ең ауыр салмақта 81 келіде сынға түсетін Ляззат Күнгейбаева ширек финалда Айнұр Рзаева (Әзербайжан) және Сима Пуния (Үндістан) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.
Айта кетейік, Әлем біріншілігін «Kazsport» телеарнасы ертеңнен бастап күндізгі сессиясын сағат 13:40-тан ал, кешкі сессияны 18:40-та тікелей эфирде көрсетеді.
Финалдық бәсекені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.