Қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыға келді. Ол 9 мамыр күні колумбиялық Хуан де Анхельді 6-шы раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Қанатты күтіп алуға танымал спортшылар мен қоғам белсенділері жиналды. Әуежайға жиналған Қанаттың жанкүйерлері көп болды. Осыншама құрметке ие болған боксшы мұндай тосынсыйды күтпегенін айтты.
«Қазақ елінде тек тыныштық болсын! Осы күнге тыныштықтың арқасында жетіп жатырмыз. Алдағы күндерде еліме бұдан да үлкен жеңістер сыйлап, қуантамын»,-деді Қанат Ислам.