Солтүстік Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жылы аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге 4 млн 366 мың гектар жер бөлінген, соның ішінде 3 млн астам жерге бидай егіледі.
Дихандар қазіргі уақытта егіс танабының 10 пайызына тұқым септі.
«СҚО-да егін егу науқанына 10 мамырда кірісті. Бүгінде солтүстікқазақстандық дихандар 400 мыңнан астам гектар жерге екті. Бұл 10 пайыз. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының ауданы 4 млн 366 мың гектар жерді құрайды, соның ішінде 3 млн 210 мың гектар жерге дәнді дақылдар, 469,7 - майлық дақылдар егіледі. Ағымдағы жылы күздік дақылдардың аумағы көбейтіліп, 47 мың гектарды құрады. Тұқыммен толық көлемде қамтамасыз етілдік. Көктемгі егістік жұмыстарға жоғары өндірісті кешеннің 1140 бірлігі жұмылдырылған», - деп ақпараттандырды СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров.
Оның айтуынша, облыс шаруаларында жанар-жағармай материалдарымен байланысты проблемалар жоқ. Биылғы жылы 65 мыңнан астам тоннасы сатып алынды.
Солтүстік Қазақстанда егістік науқанды агротехникалық мерзімдерге сәйкес 5 маусымға дейін аяқтау жоспарланған.