Роман Скляр Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роман Скляр Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

18.05.2016
Роман Скляр Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев министрлік ұжымына жаңа тағайындалған вице-министр Роман Склярды таныстырды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Роман Скляр Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Роман Скляр әр жылдары Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласындағы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Павлодар облысы әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

Хабарламаларға жазылу