Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов биыл күзде «Қашағанда» мұнай өндіруді бастауды қамтамасыз етуге тапсырма берді.
2016 жылдың қазанында «Қашағанда» мұнай өндіруді бастау мақсаты тұрғанына тоқталған К. Мәсімов: «Осының айналасында барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп, тиісті нормативтік шешімдер қабылданды. Сондықтан «Қашаған» іске қосылуы үшін сіздер консорциуммен бірлесе осы жұмыстарды аяғына дейін жеткізулеріңіз керек», - деді Премьер-Министр ҚР Энергетика министрлігіне қаратып айтқан сөзінде.