«Forbes» журналының тізіміне енген ең жас әрі өз маңдай терімен миллионер атанған қазақ баласы – Марат Әбиев. Оның қоржынындағы қаржы – 11 миллион АҚШ доллары. Марат Әбиев мұндай деңгейге бірден жетпеді. Ол табыстың құпиясын 13 жасынан іздеген.
Интернет, желілік маркетинг арқылы Марат алғашқы табысын таба білді. Кейін компьютер арқылы қызмет көрсетуге кіріп, 19 жасында GPS құрылғыларын көтерме бағада сатумен айналысады. Мараттың негізгі кәсібі мұнай және мұнай компаниясына қажет құбыр сату болған. Осыдан кейін жас кәсіпкердің тасы өрге домалап, түсетін пайдасы да арта түсті.
Димаш Әділет. Ағылшындардың Инстаграм желісіндегі ең бай қазақ жігіті. Сондай-ақ, Димаш интеллект коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін «Mensa» халықаралық ұйымының мүшесі. Ол IQ тест-тапсырмасынан 99 пайыз көрсеткішке ие болған. Осылайша, Димаш Әділет ең ақылды әрі ең жас ауқатты адамдар тізіміне енді.
Қазақтың өзге де жас миллионерлері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.