Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы ұйымдастырған «Сыр айнасы» байқауы жалғасуда. Арна қызметкерлеріне дауыс берудің аяқталуына 4 күн қалды.
Алдын ала нәтиже бойынша әзірге 1534 дауыспен «Ақиқат алаңы» ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі Бекзат Есқалиев алда келеді.
«Жаңа күн» ақпараттық-танымдық бағдарламасының жүргізушісі Әсия Нұрлыбева 1227 дауыспен екінші орында тұр.
Ал, Жаңалықтар қызметінің жүргізушісі Қанат Әбдіқадыров бір айға жуық уақыт ішінде көрермендер мен интернет қолданушылардың 586 дауысына ие болған.
Байқаудың алғашқы кезеңінің қорытындысы 20 мамырда шығарылады. Үздік шыққан қызметкер 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынамақ.
Телеарна ұжымына http://vote.kaztrk.kz/11 сілтемесі арқылы өтіп, қолдау білдіре аласыздар.
«Сыр айнасын» анықтауға атсалысыңыз!