Бангладеште найзағай ұру салдарынан 50-ден адам астам қаза тапты, деп хабарлады елдің полициясы. Қаза тапқандардың басым бөлігі - күріш алаңында жұмыс істеп жатқан фермерлер.
Құрбандардың ішінде астанадан екі студент бар, олар футбол ойнап жатқан болатын, манго тұқымын жинап жатқан жасөспірім де найзағай соғып көз жұмды.
Найзағай - Бангладештегі жиі орын алатын табиғи құбылыс. Биыл жылдағыдан да күштірек болуда, деп жазады шетелдік БАҚ.
Сарапшылар зілзаланы орташа жылдық температураның өсуімен, орманның жоғалуымен байланыстырады.