Жансая Әбдімәлік алғаш рет әйелдер арасында шахмат бойынша Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлады Vesti.kz. 13 мамырда, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Жарыс 2 және 13 мамыр аралығында Алматыда өтті. Турнирге Қазақстанның 22 шахматшысы қатысты. Үздіктері 11 күн ішінде анықталды. Әйелдер арасында жас Жансая Әбдімәлік жеңіске жетті.
Күміс жүлдеге Елена Анкудинова ие болды. Үшінші орынға Гүлмира Дәулетова ие болды.