Серік Ибрагимов: Әркез бірге болайық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Ибрагимов: Әркез бірге болайық

13.05.2016
Серік Ибрагимов: Әркез бірге болайық

Шығармашылық кешін «Вокзалда қауышқан қыз» әнімен бастаған әнші  бұдан кейін «Пысық жеңгелер-ай», «Сағыныш»,  «Кел, маған», «Жаяу», «Қазақпыз бәріміз», «Тфай-тфай»,  «Достарым», «Тілек», «Ән жүрегім – Астана» және Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған Ұлықпан Жолдасовтың «Кластастар» атты жаңа әнін шырқады.

Халықты үнемі  көңілді әндерімен қуантатын Серік Ибрагимов кеш барысында «Қазағым, әркез бірге болайық»,-деген игі тілегін де жеткізді.

Көрерменнің «Саксафонды қалай үйрендіңіз?», деген сауалына Серік: «Батырхан Шүкеновке еліктеп, саксафонда ойнауды үйрене бастадым»,-деп жауап берді. Әншінің өнеріне тәнті болған көрермендердің бірі шардан жасалған саксафон ұсынды.

Тағы бір тыңдарманның: «Жасыңыз 28-ге келді, қашан үйленесіз?», деген сұрағына әнші тойдың ауылы алыс емес екенін жеткізді.

Концертке құрметті қонақ ретінде келген әнші Мақпал Исабекова кеш иесімен бірге «Өткен күндер» әнін орындап, кейін өзінің «Хабарласпа» әнін тарту етті.

Айта кету керек, концертке сондай-ақ, Әли Оқапов, Ардақ Алекешов қатысты. Еске сала кетейік, кештің телевизиялық нұсқасын 20 мамыр 21:05-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

«Сәлем, Қазақстан!» жобасының мұрағаты

Хабарламаларға жазылу