Оңтүстік Қазақстан облысы билік органдарында әйелдердің саны ең аз өңір болып саналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысы билік органдарында әйелдердің саны ең аз өңір болып саналады

12.05.2016
Оңтүстік Қазақстан облысы  билік органдарында әйелдердің саны ең аз өңір болып саналады

Сондай-ақ,  биылғы өткен сайлауда жергілікті мәслихаттар құрамында да қыз-келіншектердің қатары артты. Алайда, Оңтүстік Қазақстан облысы - билік органдарында әйелдердің саны ең аз өңір болып саналады.

Мамандар оған аймақтың өзіне тән қалыптасқан менталитеті себеп дегенді алға тартады. Жергілікті мәслихаттағы депутаттар арасында әйелдер бар болғаны 5 пайыз. Сарыағаш, Бәйдібек секілді аудандарда халық қалаулысы атанғандар тіптен жоқ. Өңір басшымен кездесу барысында ұлттық комиссия басшылары осы мәселеге ерекше тоқталды.

«Гендерлік тәсілдің принциптері» тақырыбында өткен семинар-тренинг барысында әйелдердің жұмыспен қамтылуы, оларды саяси ілгерілету, кәмелетке толмаған қыздардың әдеп ұстанымы секілді мәселелерді талқыланды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ        

Хабарламаларға жазылу