Астанада 2016 жылдың ең айтулы оқиғасы «Asian Look Fashion Days» шарасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 2016 жылдың ең айтулы оқиғасы «Asian Look Fashion Days» шарасы өтеді

12.05.2016
Астанада 2016 жылдың ең айтулы оқиғасы «Asian Look Fashion Days» шарасы өтеді

Биылғы жылдың қазан айында Астанада Орталық Азияның фэшн-индустриясындағы 2016 жылдың ең ауқымды, ең айтулы оқиғасы – «Asian Look Fashion Days» (ALFD) шарасы өтеді.

Ерекше қызықты байқау Орталық Азия аймағында алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Сондай-ақ, ол  «Roma Fashion Week» байқауының іріктеу кезеңі болып саналады.

RFW - сән индустриясындағы ерекше оқиға. Кәсіби дизайнерлер мен стилистердің өздерінің жаңа туындыларын көпшіліктің назарына ұсынуға мүмкіндік  беретін халықаралық деңгейдегі алаң. Сонымен бірге, шара жас, дарынды, кәсіби мамандарға өздерін әлемге жария етіп, танымал сәнгерлерден құралған қазылар алқасының бағасын алуларына кең мүмкіндіктер береді.   

Орталық Азиялық турға кәсібін енді ғана жолға қоя бастаған киім және аксессуар дизайнерлері мен стилистерден  бастап, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан сияқты мемлекеттердің сән ісі мектептерінің тәжірибелі түлектері, ателье үйлері, жеңіл өнеркәсіп орындары, сән салондарының өкілдері, фотографтар және визажистер мен сәнгерлеріне дейін қатыса алады. 

Байқауды ұйымдастырушылар оған қатысушы азаматтардың жасына шектеу қоймайды.

Жолданатын жұмыстар мен онлайн өтініштерді қабылдау 15 мамыр мен 15 шілде аралығында www.asianlook.org сайтында жүргізіледі.

 

 

Хабарламаларға жазылу