Қазақстанның Ардагерлер кеңесі: Әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғаммен ашық диалог маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Ардагерлер кеңесі: Әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғаммен ашық диалог маңызды

12.05.2016
 Қазақстанның Ардагерлер кеңесі: Әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғаммен ашық диалог маңызды

«Мемлекет басшысының шешімін қуана қабылдадық. Қоғам өмірінің барлық салаларында маңызды институционалдық өзгерістерді одан әрі тиімді іске асыруға бағытталған барлық қабылданған шешімдерді толықтай қолдаймыз.

Әсіресе, Елбасының мемлекеттік органдардың әлеуметтік маңызды мәселе жөнінде қоғаммен ашық та сындарлы диалог құру бойынша шешімінің маңыздылығын атап өткен жөн.

Осыған байланысты Президент Үкіметке қоғамдық институттармен бірлесіп, жер қатынастары саласындағы заңнама нормаларын талдап, Парламентке нақты ұсыныс енгізуді тапсырды.

Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімі қоғам тұрақтылығы мен бірлікті одан әрі нағайта түсетініне сенімдіміз», - делінген Ардагерлер кеңесінің пікірінде.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу