Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді

11.05.2016
Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараның салтанатты ашылуы 19 мамырға белгіленген. Қазіргі кезде қыздар шаршы алаңға шығуға дайындық үстінде.

Төртжылдықтың басты бәсекесіне лицензиялар үш салмақ дәрежесінде ұсынылады – 51 кг дейін, 60 кг дейін және 75 дейін. Әр санат бойынша төрт жолдама беріледі.

Қазақстандық құрама командаға астаналық спортшылар Римма Волосенко, Валентина Хальзова мен Ләззат Күнгейбаева енді. Сонымен қатар, жарыста Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Айжан Ходжабекова, Зарина Цолоева, Виолетта Князева мен Юлдуз Маматкулова ел намысын қорғайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының аға бапкері Вадим Присяжнюк жаттығулардың штаттық режимде өтіп жатқанын атап өтті.

«Шаршы алаңға шығып, үздік қасиеттерімізді көрсетуіміз керек. Оның үстіне өзіміздің трибуналар қолдау көрсетеді. Бокс әлемнің көптеген елдерінде дамып келеді. Сондықтан бүгінде бәрін де ескеруіміз қажет. Ресей, АҚШ пен Қытай командалары мықты. Астанада медаль алуды көздейтін басқа да  құрамалар бар. Әрине, қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы жақсы ынталандыру болмақ, бұған үлкен үміт артып отырмыз. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтарын бізге қолдау көрсетуге шақырамын, ал қыздар, өз кезегінде жанкүйерлердің сенімін ақтауға тырысады», – дейді В. Присяжнюк.

Әлем біріншілігі 19-27 мамырда «Барыс-Арена» сарайында өтеді. 

 

Хабарламаларға жазылу