Әтір себінудің әдебі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әтір себінудің әдебі (ВИДЕО)

11.05.2016
Әтір себінудің әдебі (ВИДЕО)

Қыз-келіншектердің стильдік имиджін қалыптастыруда оның киім киісімен қатар, иіссуы да үлкен рөл атқарады. Тіпті психологтар әтіріңіздің иісіне қарай мінез-құлқыңызды да дөп басып айта алады.

Иіссуды шашқа себудің қажеті жоқ. Шаш әтірдің иісін өте ұзаққа сақтайды. Ал, құрамында алькоголі бар әтірлер шашты құрғатып жібереді.

Құрғақ теріге себілген әтірдің иісі ұзақ сақталмайтынын да ұмытпаған жөн. Сондықтан, алдымен ылғалдандырғыш крем жағып, одан кейін барып сепкен абзал.

Әтірді білекке сепкен соң үйкемеңіз. Парфюм сеуіп, білекті біріне-бірі үйкеген кезде оның құрамындағы хош иістің қасиеті жоғалады.

Иіссу таңдау мен оны себінудің өзіндік ережелері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз. 

Хабарламаларға жазылу