Диляра Қайдарова Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басшысы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диляра Қайдарова Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басшысы болып тағайындалды

11.05.2016
Диляра Қайдарова Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басшысы болып тағайындалды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың өкімімен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметіне Диляра Радикқызы Қайдарова тағайындалды, ол бұған дейін «Алматы онкология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды басқарған болатын.

Жаңа басшыны институт ұжымына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой таныстырды. Бұл туралы «Алматы онкология орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.

Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты онколог-дәрігер, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Еуропалық жатыр мойны ісігіне қарсы күрес жөніндегі қауымдастығының мүшесі және Халықаралық қатерлі ісікпен күрес одағының мүшесі, Еуразиялық онкология федерациясының мүшесі және басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың мүше болып отырған Диляра Радикқызы Қайдарова 2006 жылдан Алматы онкология орталығын басқарды.

Қазақ онкология және радиология ҒЗИ - Қазақстан Республикасындағы онкологиялық ауруларға диагностикалық және емдік көмек көрсететін жетекші орталық, сондай-ақ онкология кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі клиникалық база. 

Хабарламаларға жазылу