Филиппин тағына қылмыскерлерді сотсыз жазалайтын басшы отырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Филиппин тағына қылмыскерлерді сотсыз жазалайтын басшы отырды

10.05.2016
Филиппин тағына қылмыскерлерді сотсыз жазалайтын басшы отырды

«Адам құқығына қатысты заңдарды ұмытыңдар! Мен президент сарайына кіріп отырмын. Сондықтан мен мэр болған кезде нені істесем, президент қызметінде де сол әрекетімді істеймін», - деді сайлау кезінде Родриго Дутерте.

Айта кетейік, Родриго Дутерте Давао қаласында 22 жыл мэр қызметін атқарған. Халық оған  қылмыскерлерді тергеусіз және сотсыз жазалағаны үшін «Жазақор» деген ат берген. Ал оппоненттер жаңа президентті елде диктатура орнатуы мүмкін деп күдіктеніп отыр.

 

Хабарламаларға жазылу