Бейжіңде жол-көлік кептелісіне қатысты салық енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде жол-көлік кептелісіне қатысты салық енгізіледі

10.05.2016
Бейжіңде жол-көлік  кептелісіне қатысты салық енгізіледі

Бұл туралы тарифтер жайындағы жаңа құжаттарға сүйене отырып, «Синьхуа» ақпараттық  порталы хабарлайды.

Бұдан өзге  Бейжің  билігі қаланың орталығымен жүретін  көлікке де  жеке ақы енгізу  мәселесін көтеруде. Қытай астанасында сондай-ақ, қоғамдық көлік пен таксиге байланысты бағамды да реттеу шаралары қарастырылуда.

Бұған дейін мегаполис билігі автокөліктердің қозғалысына да шектеу енгізген. Бұл ереже,  көліктің соңғы нөмірлеріне қатысы бар және аталмыш шектеу жұмыс күндері   таңғы сағат  7-00 ден кешкі 20-00-ге дейін  қолданылады.

Қытай астанасында, бүгінде 21,7 миллион тұрғын өмір сүреді. Ал жеңіл көліктердің саны 5 миллионнан асқан.

2015 жылдың 6 қазанында, ғаламтор желісінде  көп шақырымдық жол кептелісінің видеосы пайда болған.  Оқиға, Макао мен Бейжің арасындағы, 50 жолақтық трассадағы  өткізу пунктінде орын алған.  Бұл -  астана тұрғындарының  елдегі ұлттық мерекеден қайтқан уақыты еді.

Хабарламаларға жазылу