Кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өзінің 21-ші кезедсуін өткізді. Ол бұл жекпе-жегінде колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхельді 6-шы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Қ.Ислам кәсіпқой рингтегі 21-ші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, қарсыласын 18-ші рет нокаутқа жіберді. Ал, Анхель үшін бұл 4-ші жеңіліс. Бұған дейін ол 18 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.
Айта кетейік, бокс кешін және жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен таңғы 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетті.