Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 мамырдағы кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ҚР Үкіметі отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Отырыс барысында Премьер-Министр «Президент тарапынан жалпы Үкіметке және жеке министрліктерге қатысты жер заңнамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша орынды сын айтылғанын» баса айтты.
«Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бірнеше шешімдер қабылдауымыз қажет», - деді К.Мәсімов.
Сонымен, Премьер-Министр мыналарды тапсырды:
- Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысы жариялаған Жер кодексінің кейбір нормаларына келесі жылға дейінгі мораторийден туындайтын сәйкес шаралар қабылдау.
- Қысқа мерзімде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың басшылығымен жер заңнамасын түсіндіру бойынша Комиссияның тиімді жұмысы үшін қажетті шаралар қабылдау.
- Жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді Ұлттық экономика министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыру.
- Инвестициялар және даму министрлігінен ақпарат саласындағы сәйкес функцияларды тапсыра отырып, Қазақстан Республикасының жаңа Министрлігін құру бойынша қажетті рәсімдер жүргізу.
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша іс-қимылдың Жол картасын әзірлеу.
- Білім және ғылым министрлігіне орта мектептерде оқу жылын ұзарту мәселелері бойынша және үш тілді білім беруді енгізу мерзімдері туралы қоғамның пікірін зерттеу.
- Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваға өңірлердегі консультациялық орталықтармен бірге Үкімет жанындағы бірыңғай сall-орталық - жүргізілген реформаларды түсіндіру үшін «жедел желі» құру.
inform.kz