Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болады

06.05.2016
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде күн бұлтты болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін күн суытады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Хабарламаларға жазылу