Елбасы: Жаңадан Ақпарат және коммуникация министрлігін құру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Жаңадан Ақпарат және коммуникация министрлігін құру керек

05.05.2016
Елбасы: Жаңадан Ақпарат және коммуникация министрлігін құру керек

«Ақпараттық саясатқа келер болсақ, бұл функция қазір басқа министрліктің құзырында тұр. Үкіметте бұл саланы үйлестіріп отырған ешкім жоқ, ақпараттық жұмысқа бөлінген мемлекеттік ақша қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын ешкім бақылап отырған жоқ. Сондықтан, Бес реформаның орындалу барысын тиімді тарату үшін, қазіргі ақпараттық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын», - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл ведомствоның мойнына мына міндеттер жүктелсе, дұрыс болады деген ұсынысын айтты: қоғамдағы өзекті мәселелерді тез анықтап, тез шара қолдану үшін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді қоса алғанда, кез келген формадағы ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу; өзекті тақырыптар мен мәселелер жөніндегі қоғамдық пікірлерді зерттеу, халықтың пікірі мен ақпараттық сұрауларға сараптама жасап, болжам жүргізу; мемлекеттік ақпараттық саясатты қолға алу; барлық мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметі мен белсенділігін бақылау және үйлестіру; мемлекеттік ақпараттық тапсырыс пен мемлекет бөлген қаржының тиімділігін тексеру және жоспарлау; отандық БАҚ-ты экономиканың бір сегменті ретінде дамыту үшін инвестиция мен инновация тарту; электронды және баспа БАҚ-тарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық ақпараттық өнімдердің сапасын жақсарту: арналардың халықпен қарым-қатынасын жақсарту.

Хабарламаларға жазылу