ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев отставкаға кету жөнінде өтініш берді. Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі растады.
Е. Досаев 1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі; 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; 2000 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі; 2001 ж. - Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы; 2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы; 2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі; 2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; 2006 - 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; 2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 5) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.