Соның 34-і Оңтүстік Қазақстанда орналастырылады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, табиғи газды бөлу және реттеуге арналған автоматтандырылған құрылғылардың өндірісін ашу жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыру үшін «Ontustik Invest 2016» Халықаралық форумында «Renerco industries» ЖШС мен «Оңтүстік» индустриялды аймақтарды басқарушы компаниясы» арасында меморандумға қол қойылды.
Жалпы құны – 5 млн. АҚШ доллары болатын станцияда өндірілген өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, 20 пайызы импортқа шығарылмақ.