Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні

01.05.2016
Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні

Бүгін - мемлекеттік мереке - Қазақстан халқының бірлігі күні. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі.

100-ден астам этнос өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың бірі. 1 мамыр мейрамы елімізде түрлі этностар достығы мен татулығының, азаматтық келісімнің, еліміздегі 130-ға тарта халықтардың ауызбірлігінің жарқын көрінісіне айналды.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мерекесіне айналдыру идеясын Мемлекет басшысы Н. Назарбаев көтерген болатын. «Көктемгі 1 Мамыр мерекесі біздің елдегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс.

Бұл біздің туған Қазақстанымыздағы 20 жылда құрған негізгі мерекеміз болады. Бірінші мамыр  - бірліктің ерекше мерекесі. Сондықтан да, мамырда тұтас ай бойы  жақын­дасудың барлық жаңа жолдарын байқап көру керек. Ал тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынына қазіргі жер жаһанда орын алып жатқан мысалдар жеткілікті.

Сондықтан да, бірлікті ту еткен еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін басты мерекелердің біріне айналдыруды қолдап келеді. Жұмыс істеу қажет. Егер барлық облыстарда тереңінен ой­ластырса, өте қызықты шаралар жүзеге асатын болады әрі мұның елге пайдасы да зор», ‑ деген еді Елбасы.

Көптеген этностардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. 

Хабарламаларға жазылу