Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын сақталады; оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді; батыста шаңды дауыл тұрып, тұман түседі; тек орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында үсік болуы мүмкін.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін дейін күшейеді, шаңды дауыл болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік жүреді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.