Бүгін «Сәлем, Қазақстан!» телешоуының кезекті түсірілімі өтті. Сахна «пердесін» «Рухты ару» әнімен «Kesh You» тобы ашты. Концерттің басталуын тағатсыздана күтіп отырған көрермен шапалақ ұрып, қошеметін көрсетіп отырды.
Қыздардан кейін Нұржан Тәжікенов «Ла ла лей» әнімен залды бір серпілтті. Ал, жарқын жұлдыз Кәмшат Жолдыбаева «Пия-пия» әнінен кейін «Папарацци» айдарындағы сауалдарға жауап берді. Әртістің жауаптарынан көрермен оның тәттіні жақсы көретінін біліп алды. Осыдан кейін сахнаға шыққан «Лашын» тобының сұлулары залдың көңілін баурап алды.
Ерке Есмахан болса «Ашық микрофон» айдарындағы барлық сауалдарға жауап берді. Тіпті, кішкентай балақай Еркемен бірге «Алло» әнін салды.
Баян Есентаеваның жаңа жобасы Жарқынай Ханайым «Махаббатым» әнін орындап, бүкіл залды зор ықыласқа бөледі.
«Алау» тобының жігіттері өздерінің көңілді әндері сахна көркін қыздырды. Ал, концерт шымылдығын ашқан «Кешью» шараны «Туған жер – тағдырым» әнімен жапты.
Айта кетейік, кешті белгілі актер, әнші Тәуекел Мүсілім және Астана аруы-2014 Аяулым Ерғазы жүргізді.