«МузартLIVE» мега-жобасына іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«МузартLIVE» мега-жобасына іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды

28.04.2016
«МузартLIVE» мега-жобасына іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды

Екінші айналымға өтетін үміткерлерді «Музарт» тобының толық құрамы, яғни, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов іріктеді. Бір аптаға созылған саралаудың нәтижесі белгілі.  Осы аптада екінші айналымға өткен үміткерлерге электрондық пошта немесе телефон нөміріне смс ретінде ресми xабарлама жіберіледі, күтіңіздер!

«МузартLIVE» мега-жобасының бірінші кезеңінен өткен үміткерлерді құттықтаймыз! Екінші кезеңде, аймақтық іріктеуде кездескенше!!!

Тағы бір айта кететін жәйт, қандай да бір себептермен онлайн іріктеуге қатыса алмаған өнерпаздар аймақтық іріктеуге келіп, бақтарын сынай алады! «Музарт» тобы нағыз таланттардың тасадан қалып қоймауы үшін осындай шешім қабылдады. Аймақтық кастинг келесі қалаларда өтеді:

10 мамыр, АСТАНА ҚАЛАСЫ, Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида)

13 мамыр, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония

16 мамыр, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ, Облыстық драма театры

19 мамыр, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ,  Д.Нұрпейісова атындағы сарай

23 мамыр, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар және балалар театры

Кездескенше күн жақсы, достар!!!! Сәттілік!!!

Хабарламаларға жазылу