«Қазгидрометтің» болжамынша, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күн суық болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының бірқатар бөліктерінде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, шаңды дауыл көтеріледі.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтары тұманды болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн суытып, ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Ақтөбе облысында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
ҚазАқпарат