Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады

27.04.2016
Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Екі елдің түрлі саладағы жемісті ықпалдастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ екі елдің ұзақмерзімді даму стратегияларында белгіленген стратегиялық мақсаттардың ұқсастығын айтты.

Ә. әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, ол біздің елдің ислам әлемін өркендетудегі елеулі рөліне назар аударды.

Хабарламаларға жазылу