«Astana Bike» тұрағында велосипедті пайдалану карталарын рәсімдеу қалай жүзеге асады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Bike» тұрағында велосипедті пайдалану карталарын рәсімдеу қалай жүзеге асады? (ВИДЕО)

26.04.2016
«Astana Bike» тұрағында велосипедті пайдалану карталарын рәсімдеу қалай жүзеге асады? (ВИДЕО)

Дания, Жапония, Қытай, Колумбия, Нидерланд, Швейцария және Бразилия  елдерінде велосипед басты көлік құралдарының бірі ретінде пайдаланылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына, тіпті саяхатшыларға арналған велотұрақтар бар. Кепілдікке беретін орталықтар да жеткілікті.

Біздің елімізде де соңғы кездері велосипедпен жүру үрдісі қалыптасып келеді. Елордадағы «Astana Bike» велотұрағы 2014 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Күн сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан бекеттер жаңа велосипедтермен толығып отырады.

Қаладағы веложолдар ұзындығы 85 шақырымды құрайды. 45 көшеде 150 велобекет бар.

«Өткен жылы Астана қаласы бойынша 1800 пайдаланушы болды», дейді бекет менеджері Алмагүл Қасымова.

Велосипедті пайдалану карталарын рәсімдеу қалай жүзеге асады? Көліктің бұл түрін пайдалану жағынан ең үздік бестікке қай елдер кіреді? «Велосипед астанасы» атанған қаланы білесіз бе?

Сюжеттің толық нұсқасы - «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу